Қазақстанда мамырға жоспарланған тағы бір ірі көрме өтпейтін болды

248

Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры хабарлады. 

Қазақстанда мамырға жоспарланған тағы бір ірі көрме өтпейтін болды Фото: QazTrade

Еліміздегі су тасқынына байланысты 17-19 мамыр күндеріне жоспарлаған Қазақстандағы тауар өндірушілердің VIII "Ұлттық өнім" көрмесі өтпейтін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметіне сүйенсек, VIII "Ұлттық өнім" көрмесі Қазақстандағы тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттайтын ортаның бірі болған. 

"Даму" қоры 17-19 мамыр күндеріне жоспарлаған қазақстандық өндірушілердің VIII "Ұлттық өнім" көрмесін өткізбеу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Бұл көрме Қазақстандағы тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттайтын құралдардың бірі еді. Дегенмен, қазіргі жағдайда зардап шеккен аудандардағы кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсету жөн деген тоқтамға келдік", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, су тасқынына байланысты билік бұған дейін тағы екі форумның өтпейтінін хабарлаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу