Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 9,9%-ға жетті

334

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында елдің жалпы ішкі өнімі 3,6%-ға өсті.  

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 9,9%-ға жетті Фото: gov.kz

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны биыл төртінші ай қатарынан жеделдеп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл көрсеткіш бірінші тоқсанмен салыстырғанда жоғары. Қаңтар-наурыз қорытындысында ЖІӨ өсімі 3% болған.

Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі де оң динамика көрсетті. Нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады. Ал бірінші тоқсанда өндіріс көлемінің төмендеуі байқалған еді.

Экономикадағы өсімге ең алдымен өңдеу өнеркәсібі әсер еткен. Сектордағы өндіріс көлемі 9,9%-ға дейін өсіп, бірінші тоқсандағы 8,5% көрсеткіштен жоғарылады.

Әсіресе машина жасау саласында жоғары өсім сақталып отыр. Бұл бағыттағы өндіріс 23,3%-ға артқан. Өсімге көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, теміржол жабдықтары мен электр тауарларын шығару көлемінің көбеюі ықпал еткен.

Сонымен қатар:

  • жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2,3 есе,
  • жиһаз өндірісі 41,7%,
  • фармацевтика 35,2%,
  • құрылыс материалдары 27,7%,
  • химия өнеркәсібі 18,4%,
  • азық-түлік өндірісі 14,4% өскен.

Ал тау-кен өнеркәсібінде төмендеу сақталғанымен, оның қарқыны баяулаған. Егер бірінші тоқсанда көрсеткіш 88,6% болса, төрт ай қорытындысында 92,7%-ға жеткен.

ҰСБ мәліметінше, биыл ең жоғары өсім құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібі мен сауда салаларында тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу