Қазақстанда өнеркәсіпті декарбонизациялау жол картасы әзірленеді

231

22 қыркүйекте Астанада декарбонизация жобасының бастапқы іс-шарасы өтті.  

Қазақстанда өнеркәсіпті декарбонизациялау жол картасы әзірленеді Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

22 қыркүйекте Астанада Қазақстандағы өнеркәсіпті декарбонизациялауға бағытталған техникалық көмек жобасы бойынша бастапқы іс-шара өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиынға мемлекеттік органдардың, Дүниежүзілік банктің, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жоба Қазақстанның төмен көміртекті даму бағытына көшуін қолдауға бағытталған. Оның аясында өнеркәсіптегі шығарындыларды азайту мүмкіндіктері зерделеніп, заманауи технологияларды енгізуге кедергі келтіретін мәселелер анықталады.

Жобаның негізгі нәтижелерінің бірі Қазақстан өнеркәсібін декарбонизациялау жөніндегі жол картасын әзірлеу болмақ. Құжатта өнеркәсіп секторын жаңғыртуға қажетті практикалық шаралар мен перспективалық бағыттар қамтылады.

Жоба мемлекеттік органдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қаржы ұйымдары және басқа да мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы арқылы іске асырылады. Бірлескен жұмыс төмен көміртекті технологияларды енгізуге және жобалардың инвестициялық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу