Қазақстанда отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды

424

Бүгін әлеуметтік желілерде белгілі тауарға сертификатты жылдам алуға "көмектесетін" қызмет туралы ақпарат тараған болатын.

Қазақстанда отыздан астам интернет-ресурс бұғатталды Фото: egemen.kz

Осыған байланысты ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитеті әлеуметтік желілерден сертификатсыз өнімді сатып алмауды ескертті.

"Сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация өнімнің қауіпсіз екенін растайды. Сертификатсыз өнім азаматтардың денсаулығына қауіпті болуы мүмкін", делінген комитет таратқан хабарламада.

Әдетте мұндай сайттар ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдердің бірінде тіркелетін "сертификаттарды" жарнамалайды.

"Оны аккредиттелген сертификаттау органдары береді. Ал мұндай "делдалдық" қызметтерді аккредитациясыз жарнамалауға "Жарнама туралы" заңмен тікелей тыйым салынған. Сондықтан ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті осындай сайттарды үнемі бақылап, табылған жағдайда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бұғаттау үшін жібереді", - комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Айта кетсек, өткен жылдың тамыз айынан бастап елімізде 33 сайт бұғатталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу