Қазақстанда соңғы 8 айда 3,3 млрд данадан астам жұмыртқа өндірілді

423

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға аз (3 398,7 млн дана). 

Қазақстанда соңғы 8 айда 3,3 млрд данадан астам жұмыртқа өндірілді Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 3 328,1 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Өңірлер бөлінісінде тауық жұмыртқасының өндірісі Ақмола облысында ең жоғары – 490,8 млн данадан астам. Тізім басындағы өңірлер үштігінде Солтүстік Қазақстан (483,4 млн дана) және Қарағанды облыстары (456,4 млн дана).

Айта кетейік, азық-түлік тұтыну бойынша орта есеппен жан басына шаққанда айына 17 дана жұмыртқа келеді.

  • Он жұмыртқаның орташа бағасы - 461 тг (І санат).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу