2022 жылдың 12 айында Қазақстанда төсек-орын жабдығының өндірісі айтарлықтай өсті, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы жылдық өсім 2,3 есеге жоғары.
Сонымен қатар, үй шаруашылығына арналған дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі (киімнен басқа) 51,6%-ға артты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, тоқымалы емес материалдар және одан жасалған бұйымдар өндірісі (киімнен басқа) 80,2%-ға өсті, өндіріс көлемі – 4,5 млн м2.
Бұл ретте өткен жылдың 12 айында мақта-маталы маталар өндірісі 43,6%-ға төмендеді. Мәселен, заттай мәнде 2022 жылы қазақстандық мата өндірісінің көлемі 11,5 млн м2 құраса, 2021 жылы 20,5 млн м2 болған.