Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады

119

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлім етті.

Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады Фото: canva

Аталған институт құрылыс саласындағы техникалық нормативтік талаптарды ғылыми зерттеу, әзірлеу, өзектендіру және сүйемелдеу бойынша бірыңғай орталыққа айналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, ол халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етеді.

"Институт аясында нақты бағыттар бойынша (құрылымдар, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбыр жүйелері, сумен жабдықтау және т. б.) нарықтан тартылған білікті мамандардың қатысуымен салалық техникалық комитеттер қалыптастырылады", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу