Қазақстанда жұмыскерлердің тек 32%-ы сақтандырылған — Ә.Смайылов

220

Осы салада  қалыптасқан проблемаларды шешу үшін Қазақстанда алғаш рет 2030-шы жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленді. 

Қазақстанда жұмыскерлердің тек 32%-ы сақтандырылған — Ә.Смайылов Фото: Александр Коряков, Коммерсантъ

Бүгін Үкімет отырысында аталмыш құжат мақұладанды және тұжырымдаманың іске асырылуын бақылау Тамара Қасымқызына тапсырылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Өндірісте қазір қолданылып жүрген жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесі жұмыс берушілерді еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандырмайды. Бүгінде кәсіпорындардың тек 32%-ы ғана өз қызметкерлерін сақтандырып отыр.

Көптеген елдерде өмірді сақтандыру компаниялары сақтандыру сыйлықақысының белгілі бір бөлігін превентивті іс-шараларға бағыттайды. Яғни, оларда қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігіне оқытуға, ұжымдық және жеке қорғау құралдарын сатып алуға басымдық беріледі. Біз де осындай жүйеге көшуіміз керек", — деді Ә.Смайылов Үкімет отырысында.

Осы салада қалыптасқан проблемаларды кезек күттірмей шешу үшін Қазақстанда алғаш рет 2030-шы жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленді.

"Бұл құжат ең алдымен, кәсіптік қауіп-қатерлер мен өндірістік жарақаттану деңгейін және кәсіптік ауру түрлерін төмендетуге бағытталған. Барлық тәуекелдер алдын-ала ескерілетін болады. Өндірістегі қауіпсіздік саласын цифрландыру осы мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс. Жалпы алғанда, Тұжырымдама еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруы керек", — Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов құжатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін мына мәселелерге назар аудару қажеттігін ерекше атап өтті.

  • Бірінші. Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік серіктестермен бірлесіп, Тұжырымдаманың барлық іс-шараларын орындау бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруы қажет.
  • Екінші. Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі авариялар санын төмендетуді бақылауда ұстауы тиіс.
  • Үшінші. Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіптік аурулар институтын құру мәселесін тездетіп, оларды емдеу мен   профилактикасының сапасын арттыруды қамтамасыз етуі керек.
  • Төртінші. Өңір әкімдіктері еңбекті қорғау талаптарының сақталуы бойынша превентивті мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
  • Бесінші. Еңбек министрлігі арнайы төлемдердің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, оларды 2024-ші жылғы 1-ші қаңтардан бастап жүзеге асыруға толық әзірлікті қамтамасыз етуі қажет. Осы бағыттағы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту керек.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу