Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық имплант өндірісі Ақтөбеде іске қосылмақ

868

Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық имплант өндірісі Ақтөбеде іске қосылмақ

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев белорусьтік "Медбиотех" ҒӨ ЖШБ делегациясымен кездесті. "Медбиотех" ғылыми-өндірістік бірлестігінің өкілдері өңірге облыс басшылығымен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірлесіп шығаруға қатысты сұрақтарды талқылау үшін келген,  деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкіміінң баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, 2016 жылғы қыркүйекте облыс әкімдігі мен компания арасында бірегей жобаны жүзеге асыру бойынша серіктестікке қол қойылған болатын.

"Медбиотех" 24 жыл бойы медициналық мақсаттағы имплантталған бұйымдар мен ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеумен және өндірумен айналысып келеді. Қазақстан нарығын зерттеген белорусьтар Ақтөбе облысын неғұрлым келешегі бар деп шешкен. Нәтижесінде келесі жылы мұнда жоғары технологиялық медицина өндірісі жолға қойылмақ. Бұл елдегі алғашқы имплант өндірісі болады.

Батыс өңірінің халқына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін облыста кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, неонатальді хирургия және тағы басқалардағы диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістемелерінің түрлері мен көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін "Aktobe medical center" медициналық кластері құрылды. Аталмыш жұмыстың бағыттарының бірі - травмотология мен ортопедиядағы емдеудің инновациялық  әдістемесін енгізу болып табылады. Жыл сайын жамбас пен тізе буындарын имплантациялау бойынша үш жүзден аса ота жасалады. Осыған байланысты, мен сіздермен бірлесіп шығарғалы тұрған медициналық мақсаттағы бұйымдарды сұранысқа ие болады деп ойлаймын.

Өз кезегінде "Медбиотех" ҒӨ ЖШБ бас директоры Владимир Горбатский жоба аясында жергілікті дәрігерлерді Белорусияның нейрохирургия және травматология саласындағы ірі ғылыми орталықтары жанынан тәжірибеден өткізіп, оқыту жоспарланғанын жеткізді.

"Ақтөбеге келген біз көптеген медииналық нысандардың салынып жатқанына, өңіріңіздегі денсаулық сақтау жүйесінде қаншама дүниелердің жасалып жатқанына таңғалдық. Бұл әсерлі. Өңіріңіздің заманауи алдыңғы қатарлы технологияларға бағыт алғанын көріп тұрмыз, біз олармен бөлісуге дайынбыз",-деп атап өтті В. Горбатский.

Облыс басшылығы жобаны жүзеге асыруда жанжақты қолдау көрсететінін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу