banner

Қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары Дүниежүзілік мұнай кеңесі пулына аккредиттеуден өтті

Оның ішінде "MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS” ЖШС бар. 

Қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары Дүниежүзілік мұнай кеңесі пулына аккредиттеуден өтті

28 қыркүйекте Қазақстан-Британ техникалық университетінде KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашевтің қазақстандық БАҚ-пен кездесуі өтті, деп жазды inbusiness.kz. 

Жиында 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумының бағдарламасы ұсынылды. Халықаралық шараға әлемнің 37 елінен 700-ден астам делегат қатысады. Форум мемлекеттік органдардың – ҚР салалық министрліктерінің және басқа да елдердің өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, ірі мұнай-газ өндіруші компаниялар басшыларының қатысуымен 20-дан астам іс-шараны қамтиды.

Кездесу барысында бірқатар БАҚ-қа Дүниежүзілік мұнай кеңесі пулына аккредиттеуден өткені туралы дипломдар табыс етілді. 

Оның ішінде:

-  "MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС;

- "Petroleum" журналы;

- "Oil&Gas Kazakhstan" журналы;

- "The Astana Times" халықаралық виртуалды басылымы;

- "Деловой Казахстан" АА бар. 

Журналистерге арнаған сөзінде Ибрашев Қазақстандық Ұлттық комитет алғаш рет Дүниежүзілік мұнай кеңесінде БАҚ-ты аккредиттеу мүмкіндігіне бастамашы болғанын, бұл оларға ДМК басты оқиғаларын, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша мұнай кеңесі ұйымдастырған іс-шараларға қатысып, ақпарат таратуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол аккредиттелген БАҚ ДМК жаһандық алаңында айтылған энергетикалық тақырып бойынша прогрессивті идеялар мен өзекті пікірталастарды кеңінен жариялайтынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Дүниежүзілік мұнай кеңесі Қазақстан ұлттық комитеті мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің өкілдері Алматы қаласындағы №1 облыстық балалар үйінде болып, балаларға қажетті қысқы киім мен басқа да сыйлықтар сыйлады.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік мұнай кеңесі – әлемдік энергетикалық ресурстарды өндіру және пайдалану бойынша диалогты ілгерілетуді мақсат еткен 60-қа жуық мемлекетті біріктіретін коммерциялық емес ұйым.

Жастар форумын өткізу құқығы Қазақстанға 2021 жылғы желтоқсанда Хьюстон қаласында өткен Дүниежүзілік мұнай конгресінде берілді.  Бұған дейін жастар форумы Пекин, Париж, Нью-Дели, Калгари, Рио-де-Жанейро, Санкт-Петербургте өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу