Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды

1189

Михаилу Дорофеев небәрі 49 жаста еді.

Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды

Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды. Бұл хабарды Facebook-тегі "Қазақстан журналистері" тобы мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М. Дорофеев журналистикадағы жолын Атырау облысында бастап, республикалық медиада – КТК телеарнасында, "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды, оның ішінде "Астана қ. телевизиясы" ЖШС Бас директоры және "Эра" телекомпаниясы" ЖШС бас продюсері болып жұмыс істеген. Әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" (Хабар) телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болды.

Михаилу Дорофеев небәрі 49 жаста еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу