Қазақстандықтар салымын кішігірім банктерден ірілеріне ауыстыруда

706

Қазақстандықтар салымын кішігірім банктерден ірілеріне ауыстыруда

Қазақстандықтар депозиттерін кішігірім банктерден ірі банктерге ауыстыруда, деп хабарлайды Atameken TV.

Мамандардың айтуына қарағанда банк секторына сенім бұл сегменттегі тұрақсыздыққа байланысты туындаған. Тұрғындар қазіргі таңда тек нарықта көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қаржы орталықтарына сенетіндіктерін байқауға болады дейді сарапшылар.

Статистикаға сүйенсек, 1 ай ішінде қазақстандықтар шағын екінші дейңгейлі бакнтерден 9,9 млрд теңгесін алып кеткен. Ал ірі банктерде керісінше 0,3 пайыз немесе 22 млрд теңгеге өсім байқалады. Әзірге мұнда сақтаулы тұрған ақша 7,6 триллион теңгеге жетеді. Жалпы депозитте қалғандары 8,23 триллион теңгені құрайды.

Әзірге депозиттері ұлғайып жатқан үздік  үш банктың қатарында Форте, Каспий және АТФ бар. Ал Цесна және Қазком керісінше қаржыларын жоғалтуда екен. Бірақ Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары бұның уақытша екенін айтады.

"Сондай бір көп мөлшерде ақша ауысып кетті деп айтуға болмайды. Бұл тек соңғы жағдайларға ғана байлнысты. Яғни кейінгі 3 банк бойынша болып отыр. Олардың жағдайына байланысты. Егер оларды тізімнен алып тастайтын болсақ  депозиттер сол күйі қалып отыр деуге болады. Ал қазком Халық банкке қослығаннан кейін барлығы сол жақа ауысуда", - дейді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшысы Рамазан  Досов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу