Тапқан табысының 22,4%-ын азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсаса, 18%-ы ақылы қызметке кеткен. Осылайша қазақстандықтар несие пен қарыз өтеуге тапқан табысының 6,6%-ын жұмсаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Былтыр қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы 1 328 907 теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 14,3%-ға артқан. Табыс өскенімен, бәрі қымбаттап шығын артты. Тұтыну мен басқа да қажеттіліктерге кететін шығын көлемі халықтың өмір сүру деңгейінің өзгергенін көрсетеді.
Өңірлік тұрғыда алғанда, ең жоғары өсім Астана қаласында тіркелген. Бұл қалада халықтың тұтынуға бағытталған табыстары республикалық орташа деңгейден айтарлықтай жоғары. Керісінше, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ең төменгі деңгейдегі өңірлер қатарынан көрінді. Бұл аймақтардағы тұтынуға пайдаланылған табыстар республикалық орташа деңгейден 0,7%-ға төмен.
2024 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда нан өнімдері және жарма өнімдері тобынан басқа барлық азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды.
Бюро тұрмыс деңгейі бойынша 12000 үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген азық-түлік өнімдерін тұтыну деректерін де жариялады.
2024 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда нан өнімдері және жарма өнімдері тобынан басқа барлық азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды.
Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтыну халықтың жан басына шаққанда 2024 жылы айына орташа алғанда келесідей болды: картоп – 3,8 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,3 кг, сиыр еті – 2,1 кг, алма – 1,5 кг, құмшекер – 1,4 кг, күріш – 1,3 кг, шикі сүт – 1 л, айран – 1 л, жұмыртқа – 17,2 дана, макарон – 0,8 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,7 кг, қара шай – 0,1 кг.
Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну –қарастырылып отырған уақыт ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.