Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады

355

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады Фото: kazpravda.kz

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді, деп жазылған СІМ таратқан хабарламада. 

Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет. Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу