Қазақстаннан кетуге бел байлағандар саны азайды

551

Оған Украинадағы соғыс белгілі бір деңгейде әсер етті.   

Қазақстаннан кетуге бел байлағандар саны азайды Фото: ranking.kz

2022 жыл Қазақстанның сыртқы көші-қон бағыты өзгертіп, соңғы онжылдықта алғаш рет ерекше тенденция байқалды. Өткен жылы эмигранттар саны 8 мың адамға — 32,3 мыңнан 24,2 мың азаматқа дейін қысқарды, деп жазады Inbusiness.kz.

Ranking.kz хабарлауынша, эмигранттардан бөлек, Қазақстанды тұрақты тұратын ел ретінде таңдап келгендер саны өсті. Егер 2021 жылы мұндай шетелдіктер 11 мың болса, 2022 жылы олардың саны 56,7%-ға, 17,3 мың адамға дейін өсті. Осы екі фактор көші-қон сальдосына қатты әсер етті - теріс көрсеткіш сақталғанымен, біршама өсті.

Келгендер мен кеткендердің арасындағы айырмашылықты меңзейтін көші-қон сальдосының динамикасы соңғы он жыл ішінде тек теріс нәтиже көрсетіп келеді. Жыл өткен сайын бұл алшақтық тек артып келді. Егер 2014 жылы көрсеткіш минус 12,2 мыңға тең болса, 2019 жылы Қазақстан халқы 33 мың азаматқа азайды.

Пандемия біраз адамның жоспарының күл талқанын шығарғандықтан, көпшілігі шетел асып кете алмады. Нәтижесінде 2020 жылы сальдо минус 17,7 мың адамды құрады. Эмигранттардың бір бөлігі өзінің кейінге қалдырылған жоспарларын бір жылдан кейін, 2021 жылы, барлық шекаралар ашылған кезде жүзеге асырды. Мұндай белсенділік Ұлттық статистика бюросының статистикалық есептерінде бірден көрініс тапты: кетушілер санының өсуі байқалды және сальдо минус 21,2 мың адамға жетті. Өткен жыл алшақтықтық тек 6,9 мың азаматқа дейін қысқарды.

Жалпы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2011 жылдан бастап 2022 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде елден 367,1 мың адам кеткен. Еңбекке қабілетті эмигранттардың 38%-ы жоғары, 34%-ы орта кәсіптік білімге ие. Ал жоғары білімі бар шетелдіктердің саны соңғы 10 жылда екі еседен астам қысқарды.

2022 жылы эмигранттар саны азаюының айдан анық себебі - әскери қақтығыстар мен санкциялар кезінде адамдардың Ресейге көшуге құлықсыздығы. Шынында да, 2021 және 2022 жылдардағы эмигранттар санының айырмашылығы негізінен Ресей Федерациясына кеткен қазақстандықтардың санының азаюымен байланысты болатын. Енді мұндай адамдар бірден 27,1%-ға немесе 7,2 мың адамға азайды (эмигранттар саны 8 мың адамға азайған кезде).

Әсіресе, көшуге жиі ниет білдіретін славян этностарының қазақстандықтарының елден кету деңгейі төмендеді. 2022 жылы Қазақстаннан кетуге шешім қабылдаған орыстардың саны 5,7 мыңға — 21,8 мыңнан 16,1 мың адамға дейін қысқарды. Одан 700-ден астам адамға аз украиндар мен белорустар кетті. Сондай-ақ, статистикаға немістер де әсер етті: Қазақстаннан осы ұлттың 2,3 мың өкілі кетті (2021 жылмен салыстырғанда 694 адамға аз). Осы этностардың өкілдері соңғы он жылда эмигранттардың негізгі тірегіне айналғанды.

Қазақстанға келушілер санының өсуі ненің есебінен тіркелді? Ресейлік "релоканттар" иммиграцияның жоғары деңгейіне ішінара ғана әсер етті. Қазақстанға қоныс аударған 17,3 мың адамның үштен бірін немесе 5,9 мыңын орыстар құрады (алайда, айтарлықтай өсіммен 2,4 мың адамға). ҚР-ға көшіп келушілердің ең көп үлесін Өзбекстан азаматтары құрады (6,5 мың адам, 2,4 мың адамға өсті).

Ал екі толқынмен келген жүз мыңнан астам ресейліктер қайда қалды деген орынды сұрақ туындайды, неге деректер көші-қонның осы тұсын көрсетпейді? Себебі, ҰСБ көші-қон статистикасында Қазақстанға тұрақты тұруға келген және бұл туралы Мемлекеттік органдарға тиісті өтініш берген адамдарды ғана ескереді.

Мұны ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасы да растайды. Дереккөздің мәліметінше, 2022 жылы ІІМ мамандары шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша 24,4 мың мемлекеттік қызмет көрсетті. Барлық басқа нұсқалар уақытша.

ҚР заңнамасына сәйкес, 2022 жылы Қазақстанға 90 күнге дейін келген ЕАЭО елінің азаматына ІІМ визалық-көші-қон порталында немесе ХҚКО-да тіркелу жеткілікті болды. Ұзақ тұруға шешім қабылдағандар өз шешімін негіздеп, уақытша тұруға рұқсат (УТР) алу үшін арнайы құжаттарды тапсыруы керек. ҚР ІІМ мәліметінше, өткен жылы осындай мемлекеттік қызметтердің саны 374,9 мыңнан 469,3 мыңға дейін (плюс 25,2%) өсті.

Қазақстанда уақытша болатын экономикалық белсенді шетелдіктер санының тағы бір анықтаушысы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдеуге өтініштер саны болды. Өткен жылы ҚР ІІМ бөлімшелерінің мамандары шетелдік азаматтар үшін 733,7 мың қызмет көрсетті.

Өткен жылдың желтоқсан айының басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2027 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасын қабылдады. Аталмыш стратегиялық құжат осы бағыттағы өзекті мәселелерді шешуге арналған тапсырмалар жинағы ретінде жасалды. Сыртқы көші-қонда күн тәртібіндегі мәселелер жоғары білікті қызметкерлердің кетуі және олардың біліктілігі төмен қызметкерлермен алмастырылуы, халық арасында, әсіресе жастар арасында көші-қон динамикасының өсуі деп аталды.

Осы жағымсыз факторлардың бетін қайтару үшін ведомство не ұсынады?

Тұжырымдамада бірнеше қадамдар көрсетілген. Солардың бірі - мамандарды тарту бағдарламасын әзірлеу. Яғни Қазақстан "цифрлық көшпенділер" мен экономикаға қажетті басқа да кадрлардың өмірі мен жұмысы үшін қолайлы елге айналуы қажет. Ол үшін шетелдік "айтишниктерге" Қазақстанда шетелдік компанияларға қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы Neo Nomad Visa енгізіледі. Тағы бір орта мерзімді мақсат - қазақстандық студенттердің диплом алу үшін басқа елдерге бармай, үйде оқуын қамтамасыз ету. Ол үшін жоғары білім сапасын арттырып, шетелдік талапкерлерді тарту қажет.

Жоғарыдағы талпыныстар нәтижелі болған жағдайды, Қазақстан 2027 жылға қарай мигранттық сальдо бойынша "минустан шығуы" тиіс -кем дегенде 100 адам деңгейіндегі сальдо.

Басқа нысаналы индикаторлардың қатарында - Қазақстанға көшіп келушілердің біліктілігі бойынша талаптар бар. Тұжырымдамада 2027 жылға қарай колледжді немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломы бар иммигранттардың үлесі 73,5%-ды құрауы тиіс екендігі көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу