Қазан айында теңге 1,7%-ға нығайды

693

Ұлттық банк қазан айында валюталық интервенция жүргізген жоқ. 

Қазан айында теңге 1,7%-ға нығайды Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың тезистерінде айтылды, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлия Молдабекованың дерегінше қазанда валюта нарығында қалыпты құбылмалылық байқалды. Бір айдың ішінде динамика әртүрлі бағытта өрбіді. Қазан айында теңге 1,7%-ға нығайды. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеруі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюта сатуы теңгеге қолдау көрсетті. Мұнай бағасының өсуі де теңгенің нығаюына түрткі болды.

Қазан айында Ұлттық қордан 362 млн доллар валюта сатылды. Бір сауда күні ішінде 30 млн доллардан артық сатылмаған. Ұлттық банк тек республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету мақсатында ғана Ұлттық қордан валютаның сатылатынын ескертеді.

"Біздің тарапымыздан осы операциялардың валюта нарығындағы ағымдағы сентиментке әсерін барынша азайту үшін барлық күш-жігер жұмсалуда. Валютаны сату бойынша мәмілелерді іске асыру кезінде Ұлттық Банк price-taker ретінде әрекет етеді, яғни, өз өтінімдерін қоймай, қолда бар өтінімдер бойынша "жұмыс жүргізеді". Нарыққа қатысушылардың бағасымен келісе отырып, біз операциялардың нарықтық бағамға әсерін жоққа шығарамыз",-деді Әлия Молдабекова.

Қазір валюта нарығы теңгерімді. Валюталық интервенция жүргізуге қажеттілік болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу