"Қазатомөнеркәсіп" басшыларының бірі ұсталғаннан кейін ресми мәлімдеме жасады

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ-дан кейін "Қазатомөнеркәсіп" басшыларының бірі ұсталғанын жазған едік.

"Қазатомөнеркәсіп" басшыларының бірі ұсталғаннан кейін ресми мәлімдеме жасады Фото: ЖИ-мен өңделген

Осы оқиғаға қатысты "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Компания құқық қорғау органдарының тергеу жұмыстарына көмек көрсетіп жатқанын мәлім етті. 

– "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (бұдан әрі – "Қазатомөнеркәсіп" немесе "Компания") Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша Қазатомөнеркәсіптің басқарма мүшесі – өндіріс жөніндегі бас директоры қызметін атқарған Қуаныш Омарбековке және басқа да адамдарға қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдік бойынша тергеу іс-шаралары басталғанын хабарлайды.

Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса отырып тергеуге көмек көрсетуде. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес компанияның тергеу кезеңінде түсініктеме беруге құқығы жоқ, – делінген хабарламада. 

Бүгінде "Қазатомөнеркәсіп" өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр. 

– Компания акционерлер мен басқа да тараптардың мүдделеріне сәйкес 2026 жылға арналған барлық өндірістік және қаржылық болжамдардың орындалуын растайды. Қазатомөнеркәсіптің даму стратегиясы өзгеріссіз қалады және стратегиялық міндеттердің жүзеге асуы бекітілген жоспарларға сай жалғасады.

Компания ашықтық, айқындық және кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанады, – деп жазылған ресми ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу