banner

Келесі жылы республикалық бюджетке 9,2 трлн теңге кіріс кіреді

613

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2026 жылы мұнай өндіру көлемі 107,4 млн тоннаға жететінін жариялады. Бұл туралы ол 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасын таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Келесі жылы республикалық бюджетке 9,2 трлн теңге кіріс кіреді

"2022 жылы мұнай өндіру көлемі 87,9 млн тоннаны құрайды, ал  2026 жылы 107,4 млн тоннаға жеткізіледі. 2022 жылы тауар экспорты 60,1 млрд доллар деңгейінде болжанып отыр. 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 79,8 млрд долларға дейін ұлғаяды. Тауар импорты 2022 жылы 40,8 млрд доллардан 2026 жылы 43,4 млрд долларға дейін артады", – деді Ұлттық экономика министрі. 

Әсет Ерғалиевтің сөзінше, сауда балансының сальдосы 19,3 млрд доллардан 36,4 млрд долларға дейін өседі. 

"Республикалық бюджеттің кірісі 2022 жылы болжам бойынша 9,2 трлн, 2023 жылы – 9,7 трлн, 2024 жылы – 10,4 трлн теңгені құрайды. Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы – 2,4 трлн, 2023 жылы – 2,2 трлн және 2024 жылы – 2 трлн теңге мөлшерінде айқындап, әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылды", – деді Әсет Ерғалиев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу