Kids go Free: Ақтау, Алматы, Түркістан бағыттарына сұраныс жоғары

471

Былтыр 1500 бала ұшақтарда тегін ұшу мүмкіндігін пайдаланған.  

Kids go Free: Ақтау, Алматы, Түркістан бағыттарына сұраныс жоғары Фото: azattyq-ruhy.kz

Kids go Free бағдарламасы бойынша сұранысқа ие бағыттар аталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылдан бастап Қазақстанда Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Осының арқасында балаларға ел ішіндегі әуе рейстермен тегін ұшу мүмкіндігі берілді.

Мәдениет және спорт министрлігінше, өткен жылы кішкентай туристер мен олардың ата-аналары арасында сұранысқа ие үш бағыт: Ақтау, Алматы және Түркістан қалалары болды. Бұл ретте,барлық іске асырылған турлардың 50%-дан астамы Маңғыстау облысына тиесілі екенін айта кеткен жөн.

Жалпы аталған бағдарлама бойынша былтыр 76 миллион теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды.

Өткен жылы Kids go Free бағдарламасын 700-ге жуық отбасы пайдаланды, бұл 1500 балаға Қазақстанның басқа өңірлерін тегін көруге мүмкіндік берді.

Биыл кем дегенде 2000 бала мен 1000 отбасын қамту міндеті тұр. Ол үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу