Көлігін шыршамен безендіргендер қанша айыппұл төлейді?

331

Полицейлер көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.

Көлігін шыршамен безендіргендер қанша айыппұл төлейді? Фото: видео скриншот

Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды, деп хабарлдайды inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңажылдық ағашпен және гирляндалармен безендірілген иномаркаларды ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары байқады. Осындай безендірулермен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.

Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды: құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді.

Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетке танымал әлеуметтік желідегі контент үшін барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу