Көлік саласының заңнамасы жетілдіріледі

743

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын үкіметке жолдады. 

Көлік саласының заңнамасы жетілдіріледі

Заң жобасына көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру міндеті жүктелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құжат көліктік бақылау жүйесінде адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюды, әкімшілік кедергілерді азайтуды, ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарынан жиналатын алым есебінен республикалық бюджет кірісін ұлғайтуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында суға батқан шетелдік кемелерді көтерудің құқықтық тетіктерін белгілеу, теміржол көлігіндегі апаттарды, сондай-ақ кемелерде болатын апаттық жағдайларды тергеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіруді, ұшу қауіпсіздігі мен әуедегі қауіпсіздікті арттыруды, азаматтық авиацияның транзиттік әлеуетін нығайтуды және авиациялық билік орындарының өкілеттігін күшейтуді көздейді. 

"Бұл шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен қосымша қаржы шығынын талап етпейді, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және экологиялық салдары болмайды", – деп нақтыланды министрліктің хабарламасында. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу