Көпбалалы аналарға 4 пайызбен автокөлік алуға несие беріле ме?

701

Депутат көпбалалы аналарға ұсынылған жеңілдіктерді қайта қарауды ұсынды.

Көпбалалы аналарға 4 пайызбен автокөлік алуға несие беріле ме?

Қазақстанда көпбалалы аналарға темір жол мен әуе тасымалына 50 пайыз жеңілдік жасалып, 4 пайыздық мөлшерлемемен автокөлік алуға несие берілуі мүмкін. Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева Смайыловтың атына осындай депутаттық сауал жолдап, ұсыныс айтты.

Бұдан бөлек, мәжілісмен I, II және III дәрежелі "Ана Даңқы" немесе "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Қола алқа" ордендерімен марапатталған аналарға еліміздің барлық аймағында қоғамдық көлікпен тегін жүру рұқсат етілуі керек деді. Сондай-ақ, айына бір рет отбасымен мұражайларға, мәдени және демалыс саябақтарына, хайуанаттар бақтарына, көрмелерге тегін билет берілуі тиіс дегенді алға тартты.

"Бұл отбасылар үлкен балалары 18 жасқа толғаннан кейін жәрдемақыдан да, басқа мемлекет тарапынан берілетін көмектен де айырылады. Ал көпбалалы ана мәртебесі тіпті қарастырылмаған. Негізгі өзгерістердің бірі орденді тағайындау критерийлерін қайта қарау. "Ана Даңқы" немесе "Қола алқа" мәртебесі бар көпбалалы аналарға Алтын және Күміс Алқа алып жатқан бірқатар үй, көлік, мүлік салықтар мен мемлекеттік баждарды төлеуден босату бөлігінде жеңілдіктер берілсін", - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гауһар Танашева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу