"Қорғау" бағдарламасы арқылы 18 мыңға жуық автокөлік айып тұрағына қамалды

428

Елімізде жол жиегіндегі камераларға қауіпті жүргізушінінің келе жатқанын алдын ала ескертетін функция іске қосылды. 

"Қорғау" бағдарламасы арқылы 18 мыңға жуық автокөлік айып тұрағына қамалды Фото: egemen.kz

Ішкі істер саласын цифрландыру аясында қолданысқа енген "Қорғау" бағдарламасы арқылы 18 мыңға жуық автокөлік айыптұраққа қамалған. Ал, қоғамдық қауіпсіздік саласында мектептердегі бақылау жүйесі кенже қалып келеді. Өйткені мектептердің көпшілігінде бейнебақылау орнатылғанымен, олар жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Әрі күзет қызметі барлығына бірдей енгізілмеген.

Елімізде жол қауіпсіздігін барынша сақтау шаралары күшейіп келеді. Ішкі істер министрлігі жақында ғана іске қосылған "Қорғау"  бағдарламасын таныстырды. Заманауи камералар көлік қозғалысын бақылап қана қоймай, күдікті көлік жүргізушілері туралы ақпаратты бірден жедел басқару пультіне жебереді. Ереже бұзушы туралы мәлімет жақын жердегі жол патруліне түседі. Осылайша ереже бұзғандар ізін суытпай ұсталады. 

"Қауіпті жүргізушінің оған жақындағаны туралы сигнал береді. Оның көмегімен 18 мыңға жуық автокөлік айыптұраққа қамалды. Жалған номерлерді пайдаланудың 909 дерегі анықталды. Басқару құқығы жоқ үш мыңнан астам жүргізуші ұсталды", дейді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

"Цифрлық полицей" деп аталатын бағдарламар тобын қазір мектептерге орнату ұсынылуда. Өйткені, еліміздегі мектептердің 40 пайызында қауіпсіздік мәселесі шешілмеген. Бірінде құтқару батырмасы жоқ болса, біреуінде камералар мүлде істен шыққан. 

"Ең бастысы күзет қызметі лицензияланатын түрге жатқызылды. Мемлекет үшінішкі істер министрлігі атынан қажетті талаптар қоюға және оған заңнын сақталуына мемлекеттік бақылау жасауға мүмкіндік береді", дейді ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспанов.  

Ал, сарапшылар бұл бастама мектептердегі қауіпсіздікті барынша сақтауға сеп боларына сенімді. Бірақ,  қаржыландыру мәселесіне жергілікті атқарушы органдар мен ата-аналарды да тарту экономикалық жағынан тиімді болады,- дейді. 

"Жалпы ата-аналар да жалдау керек. Сонда жауапкершілік ішінде ата-аналар да болады. Ал қазіргі жағдайда олар ештеңеге жауап бермейді. Ол тек қана бюджеттік шығындар болып шығады", дейді Сарапшы Марат Әбдірахманов. 

Қазір елімізде 7 мыңға жуық мектеп бар десек 3 мыңдайы ғана жедел басқару орталықтарына қосылған. Оқыс оқиға бола қалған жағдайда қауіптің бетін қайтаруға мектептегі күзеттің қауқары жетпейді. Сондықтан айыппұл жазып, жазалаумен айналысатын бағдарламадан гөрі мектептердің қауіпсіздігін бақылау өзекті болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу