Коронавирус қайта күшейді. Сингапур маска тағу режиміне көшті

495

Елде COVID-19 жағдайларының саны 32 035-тен 56 043-ке дейін өскен.

Коронавирус қайта күшейді. Сингапур маска тағу режиміне көшті Фото: РБК

Сингапурда COVID-19 жағдайларының күрт өсуі мен ауруханаға жатқызылған науқастардың көбеюіне байланысты маска тағу режимі қайтадан енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Business Standard басылымына сілтеме жасап.

Билік халықты жедел респираторлық инфекция белгілері болса үйде болуға, бетперде киюге және әлеуметтік қарым-қатынасты азайтуға шақырады. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация және оның ауыр аурудың алдын алудағы тиімділігі туралы ақпаратты таратып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейткен.

Елге келген саяхатшылардан әуежайларда бетперде кию, туристік сақтандыруды сатып алу және нашар желдетілетін және адам көп жиналатын орындарды маршруттан шығару сияқты алдын алу шараларын қабылдау ұсынылды. Аурухана ресурстарын оңтайландыру үшін жұртшылыққа тек ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін төтенше жағдайларда ғана жедел жәрдем бөлімшелеріне емделуге кеңес берілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу