Коронавирусқа байланысты шектеу енгізіле ме?

516

Министр жауап берді.

Коронавирусқа байланысты шектеу енгізіле ме? Фото: gov.kz

Қайта-қайта түшкіріп, тамағы ауырып, әлсіреп, өздерінше "әлдебір вирус бар" деген күдікпен жүрген жұрттың көптігіне қарамастан, елде эпидемологиялық жағдай тұрақты. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Әлем елдерінде коронавирус өрши түскенде, бізде көрсеткіш 30 есеге төмендеген. Бірақ министр станционарларда жұқпалы дертпен емделіп жатқандардың барын жасырмады. Бұл ретте, бас дәрігер емханаларда қытайлық екпе мен файзердің барын да еске салды. Әдеттегідей, кез келген қазақстандық тұрғылықты жері бойынша емханадан вакцина салдыра алады.

"Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бүгінде стационарда денсаулығына шағым айтып, коронавирустан емделіп жатқан науқастар бар. Стационарлардың 2 пайызы ғана толтырылған. Елімізде 2 мың доза қытайлық вакциналар мен Pfizer бар", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу