Қостанай облысында коммуналдық салаға 40 млрд теңге бөлінді

305

Бұл қаржы негізінен су, жылу, газ желісі тәрізді стратегиялық маңызды нысандарды қайта жаңартуға жұмсалады.  

Қостанай облысында коммуналдық салаға 40 млрд теңге бөлінді Фото: top-news.kz

Соның ішінде тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтуға байланысты 59 жоба бекітілген, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Ал жылуға қатысты 15 жоба бар, оған сәйкес 20 шақырым құбыр жөнделеді. 22 нысаннның қазандықтары ауыстырылады. Жоспар толық іске асса, жыл соңына дейін облыста сумен қамту көрсеткіші 90 пайзыға жетіп, жылу желісінің тозу деңгейі 46% төмендеуі тиіс. Әсіресе шағын қалалардың коммуналдық саласын дамыту басты назарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу