Қостанай облысында тұтас ауыл суға кетті

323

Су тасқынының алғашқы толқыны 25 наурызда басталған. 

Қостанай облысында тұтас ауыл суға кетті Фото: Абзал Алпысбайұлы

Қостанай облысында Амангелді ауылы тұтастай суға кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, төтенше жағдай қызметі барынша күшейтілген режимде жұмыс істегенімен су тасқынынан елді мекенді құтқару мүмкін болмай отыр.

Су тасқынының алғашқы толқыны 25 наурызда басталған. Ал 27 наурызда Амангелді ауылы түгелдей су астында қалған.

Өңірдің ТЖД мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың күштері, құралдарымен бірге Жангелді және Амангелді аудандарында, Арқалық және Жітіқара қалаларында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 21 мың текше метрден аса еріген су сорылған, оның ішінде Арқалықтан 6848 текше метр, Амангелді ауданынан 4210 текше метр, Жангелді ауданы 10101 текше метр. 5 метр жағалауға құм толтырылған 140 қап төселген.

Күштер мен құралдардан барлығы 642 адам, 272 техника, 75 мотопомпалар тартылған.

"Әуе маршымен Арқалық қаласындағы Сарыбас қыстауынан 3 адам, Жұман қыстауынан 21 адам, оның ішінде 11 бала қайықпен эвакуацияланды. Қазір Арқалық қаласындағы 4 қыстауда 15 адамды әуе көлігімен көшіру қажет. Сары - Торғай өзеніндегі су деңгейі көтерілуіне байланысты Қызылжұлдыз ауылы Қайынды ауылдық округінен 100 тұрғын (ең алдымен әйелдер мен балалар) эвакуацияланып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу