Осыған байланысты ҚР Үкіметі мен Транстелеком компаниясы арасында инвестициялық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатқа сәйкес, еліміздегі республикалық және облыстық автомобиль жолдарын радиодабылмен қамту және телекоммуникациялық инфрақұрылым салу жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылады. Жоба аясында Қостанай облысында республикалық трассалар бойында антенна-діңгек құрылыстарын салуға арналған жеті нүкте айқындалған.
Атап айтқанда:
– Арқалық қаласында – 1 нүкте;
– Жітіқара ауданында – 1;
– Алтынсарин ауданында – 2;
– Сарыкөл ауданында – 1;
– Денисов ауданында 2 нүктеде орналастыру жоспарланған.
Барлық аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға оң сараптама қорытындысы алынған. Сонымен қатар олар жекешелендіру тізіміне енгізіліп, бағалау жұмыстары жүргізілген.