Қостанайда астық тиейтін терминалды 2017 жылдың күзінде іске қосу көзделген

889

Қостанайда астық тиейтін терминалды 2017 жылдың күзінде іске қосу көзделген

Қостанайда "Темте" ЖШС 2017 жылдың қазанына қарай құны 262 млн теңге болатын астық тиейтін терминалды іске қосуды көздеп отыр, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Казахстан".

"Астық қабылдайтын диірмен болады, онда астық қабылданып, кептіріледі. Компания басшысы нысанды ертерек іске қосуды көздеп отыр. Бәлкім, жазда қосылар. Іске қосу мерзімі 2017  жылдың қазаны деп көрсетілген", – деп түсіндірді ведомство.

Астық тиейтін терминалдың сыйымдылығы 8 мың тонна.

"Темте" ЖШС 2006  жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу