Қостанайда психикалық денсаулық орталығының бас дәрігеріне үкім шықты

425

Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленкоға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қостанайда психикалық денсаулық орталығының бас дәрігеріне үкім шықты Фото: Алау тв

Ол өмір бойына мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, биылғы наурыз айында жол сақшылары жүргізушіні тоқтатқан. Медициналық тексерулер оның қанында ішімдіктің бар екенін көрсетті. Жүргізушінің Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығында таныстарының көмегіне жүгініп, өз кезегінде бас дәрігер Владимир Михайленконың өз қызметкерлеріне құжаттарды қолдан жасауға тапсырғаны анықталды. 

Сот отырысында барлық 4 айыпталушы өз кінәсін мойындады.

Сот үкімімен Владимир Михайленко өмір бойына мемлекеттік лауазымдарды атқаруға құқығынан айырыла отырып, 2 жыл бас бостандығынан шектелді. Нарколог Евгений Сомусев пен зертханашы Зада Хакимова 1,5 жылға, нарколог Ромуте Маладаускайте 1 жылға бас бостандығынан шектелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев бүгін өткен брифингте Владимир Михайленконың өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады.

Айта кету керек, осыған дейін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сот алдында жауап беретінін жазған болатынбыз. Қылмыстық іс 2 бап бойынша қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу