Криптовалюта өндіргендер үшін төлем енгізіледі

817

2022 жылғы 1 қаңтардан криптовалюта өндіргендер үшін төлем алуды реттейтін Салық кодексіне енгізілген түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Криптовалюта өндіргендер үшін төлем енгізіледі

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Түзетулер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық Кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы "Қазақстан заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 24 маусымдағы №53-VII заңымен енгізілді.

Қабылданған өзгерістерге сәйкес "Цифрлық майнинг үшін төлем" Салық кодексінің 606-1, 606-2, 606-3, 606-4, 606-5-баптарына сәйкес енгізілді.
"Цифрлық майнинг (криптовалюта өндіру) өндірген заңды және жеке тұлғалар үшін төлем енгізіледі. Төлем объектісі цифрлық майнингті өндіру кезіндегі (криптовалюта өндіру) электр энергиясының көлемі болып саналады. Цифрлық майнинг үшін төлем ставкасы – электр энергиясының 1 киловатт қуаты үшін 1 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Цифрлық майнинг үшін салық кезеңі тоқсан болып саналады, салық есептілігі көзделмеген.

"Төлем төлеушілер қызметінің нәтижесі туралы майнинг мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды. Ол – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті", - деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу