Криштиану Роналду футболмен қоштасуы мүмкін

925

Криштиану Роналду бұған дейін әйгілі Мадридтің Реал командасында доп тепкен. Ол үздік футболшыға берілетін алтын доп марапатын 5 мәрте алған.

Криштиану Роналду футболмен қоштасуы мүмкін

Футболдан Португалия ұлттық құрамасының және италиялық "Ювентус" командасының  шабуылшысы Криштиану Роналду келесі  жылы кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы футболшы Португалияның TVI арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Онда Роналду: "Жеңіс атаулы қашанда маңызды әрі оған тоймайсың, бірақ ертең жеңе алмай қалсам ол ақырзаман емес. Бастысы, жігерің таусыламауы керек. Егер мотивация болмаса, мен футбол ойнағанды қояр едім. Бәлкім, ол алдағы жылдың еншісінде шығар. Бірақ мен 40 жасқа дейін, 41-ге дейін де доп тебе аламын", – деді.

Айта кетейін, Криштиану Роналду бұған дейін әйгілі Мадридтің Реал командасында доп тепкен. Ол үздік футболшыға берілетін алтын доп марапатын 5 мәрте алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу