Криштиану Роналду - ХХІ ғасырдың үздік футболшысы

535

27 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) жыл сайынғы Globe Soccer Awards салтанатты шарасы өтті.  

Криштиану Роналду - ХХІ ғасырдың үздік футболшысы

Биыл ұйымдастырушылар "Ғасыр футболшысы", "Ғасыр жаттықтырушысы", "Ғасыр клубы" және "Ғасыр агенті" марапаттарының жеңімпаздарын анықтады. Әңгіме ХХІ ғасыр туралы болып отыр (2001 жылдан 2020 жылға дейінгі жылдар), деп хабарлайды Prosports.kz.

"Ювентус" пен Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы атанды.

Ғасырдың ең үздік бапкері "Манчестер Сити" бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола, ал ең үздік клуб "Реал" болды. Үздік агент - Роналдудың мүддесін қорғайтын Хорхе Мендес.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу