Криштиану Роналду Сауд Арабиясында қанша ақша тапқаны белгілі болды

263

Португалдық футболшы Сауд Арабиясында жылына 200 миллион еуро алады.

Криштиану Роналду Сауд Арабиясында қанша ақша тапқаны белгілі болды Фото: mavink.com

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду саудиялық "Aль-Наср"-ге көшкеннен кейін қанша ақша тапқаны белгілі болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Sports.kz жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Daily Mail журналистерінің айтуы бойынша, Роналду Таяу Шығыстағы мансабын бастағаннан бері бонустық төлемдер мен жарнамалық келісімшарттардан түскен кірістерді есептемегенде 175 миллион еуро тапқан.

Криштиану Роналдудың "Aль-Наср"-ге көшуі туралы ресми түрде өткені өткен жылдың желтоқсанында жарияланды. Ресми мәліметтер бойынша, Сауд Арабиясында португалдық жылына 200 миллион еуро алады деп хабарланды. Осылайша, оған апта сайын төрт миллион еуро аударылады.

Айта кетсек, жұлдызды футболшының келісімі 2025 жылдың жазына дейін жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу