banner

Криштиану Роналдудан 28 миллион төлеу талап етілді

720

Криштиану Роналдудан 28 миллион төлеу талап етілді

Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду сегіз жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды prosports.kz.

Футболшының қорғаушылары айыппұлды 14,7 млн еуро көлемінде төлемек ойда болған. Алайда, құзырлы орган бұған тыйым салып отыр.

Испанияның салық агенттігі спортшыға 28 млн төлеуді талап еткен. Егер Роналду осы соманы 15 маусымға дейін төлеп үлгермесе, агенттік оны сотқа береді. Шабуылшы осы талаптарға келіссе, онда екі жылға шартты түрде жаза алатын болады. Келіспеген жағдайда сегіз жылға бас бостандығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу