Қуаты 50 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша онлайн-аукцион өтті

227

24 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын  іріктеу бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жаңартылатын энергия көздері) бойынша онлайн-аукцион өткізілді, деп жазады inbusness.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаты 50 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша онлайн-аукцион өтті Фото: gov.kz

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,98 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.

 Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша қуаттылығы 15 МВт, 12,98 тг/кВтсағат аукциондық бағасымен "Оркан" ЖШС (Қазақстан) және қуаттылығы 35 МВт, 15,96 тг/кВтсағ аукциондық бағасымен "Африк" ЖШС компаниясы (Ресей Федерациясы) жеңімпаз болды..

“Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығы) 26-тармағына сәйкес Қатысушы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімінде 100 киловаттан кем емес және 1 (бір) киловатқа бөлінетін белгіленген қуат көлемін көрсетеді”, делінген ақпаратта.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, "KazEnergy" ЗТБ, "Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы" ЗТБ, Qazaq Green қауымдастығы және "ЭЭҚРҚО" АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – "ЭЭҚРҚО" АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

 Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

“Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 18.07.2022 ж. №243 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес 2022 жылдың 28-29 қарашасы аралығында белгіленген қуаты 150 МВт көлемінде жел электр станциялары бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда”, делінген ақпаратта.

 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться