Сотталушы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 5 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, 7 шілдеде Құлсарыда автобус жүргізушісі О. көше қиылысында жол жиегіндегі жол белгісін елемей, кәмелетке толмаған Б. тізгіндеген мотоциклмен соқтығысқан. Салдарынан кәмелетке толмаған Б. есін жимастан ауруханада қаза тапқан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу