Курчатовта АЭС салу жөнінде нақты жоспар жоқ – Алмасадам Сәтқалиев

185

Бұл мәселе бойынша әлі түпкілікті шешім қабылданбады. 

Курчатовта АЭС салу жөнінде нақты жоспар жоқ – Алмасадам Сәтқалиев Фото: Үкімет

Курчатов атом станциясын салуға жарамды алаң ретінде МАГАТЭ-нің мақұлдауын алды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы қайталап айтамын, қазіргі таңда Курчатовта атом электр станциясын салу жөнінде нақты жоспар жоқ. Бірақ Курчатовтағы алаң атом станциясын салуға жарамды екені туралы МАГАТЭ-нің, қазақстандық және халықаралық сарапшылардың тиісті қорытындылары алынған. Курчатовты ғылым қалашығы аясында дамыту атом энергетикалық нысанын салу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл тәжірибелік-өндірістік сипаттағы нысан және базалық станция болады деген жоспар бар. Бұған дейін айтқанымдай, бұл шағын немесе орта қуатты станция болуы мүмкін", – деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, бұл ғылыми қалашықтың қажеттіліктерін, ғылыми мақсаттарды және өңірдің электр энергиясына деген сұранысын қамтамасыз етуі үшін керек.

"Бұл алаң бойынша МАГАТЭ өз мақұлдауын берді. Жергілікті халықтың пікірі ескерілмей атом электр станциясы Қазақстанның ешбір жерінде салынбайды", – деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кету керек, бұған дейін екінші АЭС те Алматы облысында салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу