Құрылыс қалдықтары ғарыштан қадағаланады

Ол үшін "Е-құрылыс" жүйесі қолданылмақ. 

Құрылыс қалдықтары ғарыштан қадағаланады Фото: dknews.kz

Бұл туралы Үкімет отырысынла  Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Е-құрылыс" жүйесі арқылы бақылау жолымен  құрылыс қалдықтарының қозғалысын қадағалауды күшейту, содан соң осы жүйені Экология министрлігінің қоқыс тасушы көліктерді бақылау бойынша ақпараттық жүйесімен біріктіреміз", – деді министр. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен онлайн-режимде мемлекет есебінен салынып жатқан нысандар құрылысының барлық кезеңін – қазаншұңқырын қазғаннан бастап пайдалануға бергенге дейінгі   процесін бақылайтын  "Е-құрылыс" жүйесі әзірленді. 

"Жүйеге қала құрылысын бақылау басқармасының барлық органдары қосылған. Осыған байланысты  Экология министрлігі осы ақпараттық жүйе аясында құрылыс қалдықтарының жиналуынан бастап, соңғы өңдеушіге дейін қозғалысын бақылау мониторингін енгізу қажет деп есептейміз", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу