Қымбатшылықты мемлекеттік бағдарламалар жеңілдетіп тұр

892

Жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай тұрақсыздық сезіледі. Оған құрылыстың өзіндік құнының қымбаттауы мен тұрғын үй бағасының жалпы өсуі де әсер етеді. Мәселен, қазанның қорытындысына сәйкес, жаңа тұрғын үйді сату бағасы 14,6%-ға өсті. Бұл кейінгі жылдардағы ең жоғары мән, деп жазады inbusiness.kz тілшісі energyprom сайтына сілтеп.

Қымбатшылықты мемлекеттік бағдарламалар жеңілдетіп тұр

Материал бағасының өсуі құрылыс салушыларға ауыр тиді (қазандағы мәліметке сай, жылдық өсім – 28%). Тамызда 33,3%-ға қымбаттаған да болатын. Жалпы алғанда жыл сайынғы өсу динамикасы 10,2%-дан 21,4%-ға дейін көтерілді. Осылайша, сәуірден бастап ерекше өсті.

Іс жүзінде мұндай жағдай бүкіл әлемде байқалады. Nasdaq биржасының мәліметтеріне сүйенсек, құрылыс материалдары бір жылда 19%-ға қымбаттаған. 

Knight Frank мәліметтеріне сәйкес, тұрғын үй бағасының ең жоғары өсуі Түркия (+29,2%), Жаңа Зеландия (+25,9%), АҚШ (+18,6%), Словакия (+18,6%) және Швецияда (+17,2%) байқалады.

Қазақстанда ипотекалық кредиттеудің қымбаттауы байқалмайды ("Баспана-хит" бағдарламасын есепке алып отырған жоқпыз). Жаңа үйлердің бағасын мемлекет құрылыс компанияларымен келісе отырып ұстап тұр. Алайда екінші нарықтағы баға реттеуге жатпайды. Сондықтан бір жылда бірден 23,7%-ға өсті. Тұрғын үйді жалға алу құны да айтарлықтай (16,9%) өсті. 

Елдегі жағдайды мемлекеттік бағдарламалар мен даму институттары жеңілдетеді. Қазір жаңа тұрғын үйдің (көппәтерлі үйлердегі пәтерлер) бір шаршы метрі орта есеппен 352,7 мың теңге болса, "Отбасы" банк қаржы институтының бағдарламалары бойынша 227,2 мың теңгеден, ал мемлекеттік бағдарламалар бойынша 192 мың теңгеден береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу