Қырғызстанда фермерлер ереуілге шықты

345

Оған басты себеп - суармалы судың жетіспеушілігі.

Қырғызстанда фермерлер ереуілге шықты Фото: Ашық дереккөзден

Қырғызстанның Есік-Ата ауданының 40-қа жуық фермері Бішкектегі Үкімет үйіне митингке шықты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, наразылықтардың себебі суармалы судың жетіспеушілігі болды.

"Барлық мәселе - Есік өзенінің су қоры биыл секундына 5 текше метрге дейін төмендеді, өткен жылы 10 текше метр болатын. Біз мәселені шешу жолдарын саралап, Аламедин өзенінен су беретін болдық. Сондықтан проблема алдағы екі күнде шешілуі керек. Су жеткіліксіз болғандықтан, суару кезегін енгізуге тура келді, бірақ ешкім өз кезегін күткісі келмейді", — деді жергілікті су ресурстары қызметінің директоры Алмазбек Сокеев.

Бұрын суармалы судың жетіспеушілігіне басқа аудандардың фермерлері де шағымданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу