Қытай шекаралық станцияларда бақылауды қатаңдатты

496

Салдарынан "Қазақстан Темір Жолы" АҚ да арнайы шаралар қабылдауға мәжбүр. 

Қытай шекаралық станцияларда бақылауды қатаңдатты

Синьзянь-Ұйғыр автономиялық ауданының (ҚХР) мемлекеттік комиссиясы COVID-19 таралуын болдырмау үшін жүктерді қабылдау және қайта тиеу кезінде бақылау шараларын қатаңдатты, деп хабарлады "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС баспасөз қызметі. 

Комиссия шешімімен бақылаушы органдармен әрбір вагондағы жүктердің сынамасын алу рәсімі, міндетті түрде контейнерлерді зарарсыздандыру мен өңдеу енгізілді. Қаптардағы өлшенген астықты қабылдауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда, өйткені қазіргі кезде әрбір вагонды ғана емес, сонымен қатар әрбір қап тексерілуде.

"Бұл ретте Қазақстаннан келген пойыздарды шекаралық бақылау уақыты артты.
Бұның барлығы жүктерді кең табанды вагондардан тар табанды вагондарға уақытылы қайта тиеуді қамтамасыз ете алмауға алып келді. Биылғы жылдың 15 қарашасынан Қазақстаннан келген пойыздарды қабылдау тәулігіне 15-16 пойыздан 10-11 пойызға дейін қысқарды. Осыған байланысты "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша ҚХР бағытындағы тиелген вагондар (10 мың вагоннан астам) саны артса, қозғалыстан 6,5 мың вагон тоқтатылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ ағымдағы жылдың 23-інен бастап 30 қарашасына дейін Достық-Алашаңқай түйіспесі арқылы ҚХР бағытына
жартылай вагондар мен жұмсақ контейнерлердегі (биг-бэг) тауарлардан өзге жүктерді тиеуге тыйым салу шараларын қабылдады", - деп жазылған хабарламада. 

Осылайша биылғы жылдың 24 қарашасынан 4 желтоқсан аралығында жүк контейнерлерінен өзге транзиттік жүктерді тасымалдауға тыйым салынады.
Жағдай өзгерген кезде қабылданған шаралар алынып тасталмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу