Қытайдың мемлекеттік қарызының көлемі жарияланды

774

Алынған қарыз көлемі бойынша Цзянсу провинциясы көш бастап тұр.

Қытайдың мемлекеттік қарызының көлемі жарияланды Фото: reuters.com

Goldman Sachs экономистері Қытайдың жергілікті билігінің мемлекеттік қарызының көлемін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, қарыз көлемі 8,2 триллион долларға жетті. Бұл сома Қытайдың ЖІӨ-нің жартысына тең.

Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жалпы қарызы 2013 жылғы 16 триллион юаньнан (2,47 триллион доллар) 2020 жылдың соңына қарай 53 триллион юаньға (8,2 триллион доллар) дейін өскен. 

Қарыздың шамамен 60%-ы экономикаға жаңа инвестиция құю үшін емес, өтеу мерзімі 2020-2021 жылдары басталатын облигациялар бойынша төлем жүргізу үшін қолданылады. Алынған қарыз көлемі бойынша Цзянсу провинциясы көш бастап тұр, оның қарызы 8 триллион юань (1,23 трлн доллар). 

Жергілікті биліктің негізгі кірісі – жерді сату. China Evergrande дағдарысына байланысты оған деген сұраныс төмендеген. Ал пайда көлемінің азаюы бюджет тапшылығына әкеліп соқты. Мамандар экономиканы ынталандыру үшін көбірек облигация шығаруға кеңес берді, сонымен қатар Қытайды қазір қаражаты жоқ жергілікті билік органдарына қаржылай көмек көрсетуге үндеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу