Қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

739

Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды

"Полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында бұл ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Еске сала кетсек, полицияға павлодарлық қыз жүгінген болатын. Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде оның денсаулығына кірпішпен зақым келтірген белгісіз адамға қатысты шара қолдануды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу