Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды

1179

Үш адам оқиға орнында қаза тауып, бір адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Қызылорда облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды Фото: Kazinform

​09 ақпан күні сағат 18:55 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел "102" арнасына хабарлама түскен.

"ВАЗ" және "Камаз" маркалы автокөліктер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған.

Салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, бір адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу