Қызылорда облысындағы Ақшатау ауылының оқушылары балықшылардың жатақханасында оқып жатыр

591

Ал, жоғары сынып оқушылары болса басқа ауылға қатынап оқиды.  

Қызылорда облысындағы Ақшатау ауылының оқушылары балықшылардың жатақханасында оқып жатыр Фото: azattyq-news.kz

Қызылорда облысындағы Ақшатау ауылының бастауыш сынып оқушылары балықшылардың жатақханасында оқып жатыр, деп жазады inbusiness.kz azattyq-news.kz агенттігіне сілтеме жасап.

"Ақшатаудағы бастауыш сыныптарға арналған мектептің жағдайы тым ауыр. Тұрғындар бұл бір қабатты ғимарат осыдан 40 жыл бұрын балықшылардың жатақханасы ретінде салынған дегенді айтады", - деп жазылған ақпаратта.

БАҚ-тың жазуынша, мектепте асхана мен спорт алаңы жоқ.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, мектеп мәселесін көтергендеріне біраз жыл болған.

"2023 жылы салыну керек болатын. Бірақ мына елдімекендегі халықтың санына байланысты өткізілген жобаны кеше қайта өзгертті. Типовой мектеп қой, бірақ қаржыға байланысты шағын қылып өзгертіп жатыр" , - деді Аманөткел ауылдық округының әкімі Қайрат Әбдіраманов.

Бұдан басқа Ақшатау ауылының жоғары сынып оқушылары көрші ауылдағы интернатқа қатынап оқитын көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу