Қызылордада екі бірдей өнеркәсіп кәсіпорны құрылады

1448

Қызылордада екі бірдей өнеркәсіп кәсіпорны  құрылады

Қызылордада  "Шалқия  мырыш" тау-кен байыту комбинаты мен ферроқорытпа зауыты салынады. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпанда өткен халыққа есеп беру кездесуінде осылай деді, – деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

Кен орындарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып,  "Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинаты мен газ турбиналық электростанцияны салу жұмыстары басталады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Еуропалық Банк арқылы реконструкциялау және дамытуға несие алу мақұлданған.

"Ферроқорытпа зауыты бойынша күрделі жұмыстар жалғасуда. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, инфрақұрылымдары тартылды. 2016 жылдың 23 тамызында Варшава қаласында аталған жобаны жүзеге асыру бойынша поляк компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге, Польшаның Ұлттық банкі жобаға шамамен 300 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайын екенін растады", – деді Қырымбек Көшербаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу