Қызылордада жолға 150 тонна тұз аралас құм себілді

Қалың жауған қар Қызылорда тұрғындарын да әжептәуір әбігерге салды.

Қызылордада жолға 150 тонна тұз аралас құм себілді Фото: inbusiness.kz

Осы күні 14 техника мен 50-ге жуық адам жол көлік оқиғасының алдын алуға қам-қарекет жасап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін таңнан бері өңірдің басым бөлігінде қар жауып, "Самара-Шымкент" тасжолында көктайғаққа қарсы шұғыл жұмыстар қолға алынды. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар күрежолдың 1702-2056 шақырым аралығында, яғни Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы аумағында тайғаққа қарсы материал себу жұмыстары жүргізілуде. 

Оған "ҚазАвтоЖол" компаниясына қарасты "КАЖсервис" ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалынан 14 арнайы техника мен 6 тиегіш көлік жұмылдырылып, жол бойында 50 жуық адам тынымсыз еңбек етуде. 

- Қазіргі таңда жолға 150 тоннаға жуық тұз араласқан құм себілді. Жағдай бір қалыпты. Жолда шектеулер болған жоқ. Көлік қатынасы екі бағытта да кедергісіз жүріп жатыр, - дейді "КАЖсервис" ЖШС-нің Қызылорда облыстық филиалының директоры Нұрбол Абызбаев.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облыс аумағында Ақтөбе облысындағы табиғаттың тосын жағдайына байланысты үлкен сыйымдылықтағы көліктер кептелісі болып, жергілікті тұрғындар жолаушыларға ыстық тамақ таратқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу