Іс ұрлық бабымен қаралып, сотта күдікті өз кінәсін толық мойындаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қызылорда облысы Арал аудандық сотында бұрын да мүлікке қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азаматқа қатысты іс қаралды.
Тергеу мәліметінше, бұрын сотталған азамат көршінің қоршауын асып өтіп, ауласынан түйені ұрлап кеткен. Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, оның әрекеті жәбірленуші мен куәлардың жауаптары және басқа да дәлелдермен расталды.
Сот оны Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу