Себебі ұшқыштар уақытша көру қабілетінен айырылып, бұл ұшақ апатына әкелуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Соңғы 6 жыл ішінде жолаушылар лайнерлерімен байланысты осындай 98 оқиға тіркелген. Ең көп фактілер Алматы халықаралық әуежайында орын алды, – деп хабарлады Қазақстанның авиациялық қызметтері.
Соңғы уақытқа дейін отандық заңнамада мұндай әрекеттер үшін арнайы жауапкершілік қарастырылмаған болатын. Мұндай жайттан соң кінәлілерді жауапқа тартуды айтарлықтай қиындық тудырған еді.
16 шілдеде қабылданған заңға сәйкес, Қылмыстық кодекске жаңа 352-1-бап қосылды. Әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру мақсатында лазерлік құрылғылар мен дрондарды қолданғаны үшін жауаптылық белгілейді. Жаза әрекеттің салдарына байланысты айыппұлдан бастап, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жетуі мүмкін.
Бас прокуратураның мәліметінше, мұндай нормалар көптеген елдерде бар. Мәселен, Австралия, Германия, Жаңа Зеландия, Канада және АҚШ-та ұшқыштарды әдейі соқыр ету – ауыр қылмыс саналып, 10 жылға дейін түрмеге қамауға әкеледі.
"Мұндай әрекеттер зиянсыз еркелік емес. Бұл – ондаған, кейде жүздеген адамның өміріне қауіп төндіретін өрескел заңбұзушылық. Біз жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдаймыз", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қадағалаушы органның пікірінше, бұл жаңашылдық қоғамдық қауіпсіздікті қорғау мен көлік саласында қылмыстық шабуылдардың алдын алуда маңызды қадам болып отыр.